"Ырысым - қара жұмыста!": Қызылордалық келіншек көлік жөндеп көпке танылып отыр

Nur-Altay Umirzak

Ерлермен теңдей жүріп ел алғысын алған келіншек бұл жұмысынан ләззат тапқан

Сурет: Бейнеден кадр

Қызылордалық келіншек көлік жөндеп көпке танылып отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Қызылорда Қазақстан арнасының “Еңбек адамы” бағдарламасында айтылған.

“Жолда жүрген алдамдар, жолаушылар аман-есен жүрсе, барар жеріне еш бұзылмай жетіп алса деп уайымдап отырамын. Ауыр әрі қиын жұмыс қой енді бұл. Ауыр-ауыр дөңгелектерді көтеріп саламын. Мұздай темірлерді ұстап, суықта көлік жөндеп тұрамын. Ырысым – осы қара жұмыста», –  дейді Нұржамал Омарова.

Ерлермен теңдей жүріп ел алғысын алған келіншек бұл жұмысынан ләззат алатынын, қиын болса да ебін таба алғанын айтып отыр.