Құрылысты жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған
Алматыда жаңа саябақ салынады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Айнабұлақ 1, 3 шағынаудандарының скверлері мен Гүлдер саябағы ағымдағы жөндеуден өтті, суару жүйелері жөнделді, жаңадан жарық тартылды. Скейт-парктер ұйымдастырылған 2 жаңа жастар алаңы ашылды. Заманауи стритбол, баскетбол, волейбол және воркаут алаңдары жабдықталды.
Наурыз айында Кемел шағынауданында жаңа саябақтың құрылысы басталып, жыл соңына дейін бітеді. Сонымен бірге, III-тоқсанда Көкмайса шағынауданындағы Есентай өзенін абаттандыру аяқталады.