Қарағанды облысы Нұра ауданындағы ауылдардың бірінде 42 жастағы имам Ресейден дәрі сатып аламын деп алаяқтарға алданып қалған, деп хабарлайды Qaz365.kz.
2024 жылдың қазан айында Қарағанды облысы Нұра ауданына қарасты ауылдардың бірінің мешіт имамы алаяқтардың құрбаны болды. Қаскөйлер жәбірленушіні ресейлік фармацевтикалық компаниядан дәрі-дәрмекке тапсырыс бергені үшін өтемақы алуға болатынына сендірген. Сөйтіп, имам 20 күн ішінде олардың шотына 1 миллион теңгеден астам қаражатты өз еркімен аударған. Алаяқтардың алдауына түскенін түсінген соң, 2025 жылдың 13 қаңтарында полицияға жүгінді. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде,- деп хабарлайды Қарағанды облысының полиция департаменті.