Атырау облысында кәмелеттік жасқа толмаған 794 қыз жүкті болып қалды

Qaz365.kz редакциясы
Фото: istockphoto.com

Атырау облысында 2020-2024 жылдар аралығында 794 жасөспірім қыз жүкті болып қалған, деп хабарлайды  Qaz365.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

Редакция сауалына берген жауабында Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы соңғы бес жылдағы 15-17 жас аралығындағы кәмелетке толмағандар арасындағы жүктіліктің тіркелген жағдайлары бойынша мәліметтер ұсынды:

  • 2020 жылы – 193;
  • 2021 жылы – 194;
  • 2022 жылы – 170;
  • 2023 жылы – 110;
  • 2024 жылы – 127.

Олардың арасында босанғандар: 2020 жылы – 97, 2021 жылы – 105, 2022 жылы – 84, 2023 жылы – 63, 2024 жылы – 70. Оның ішінде жүктілік тоқтатылды: 2020 жылы – 8, 2021 жылы – 13, 2022 – 11, 2023 жылы – 5, 2024 жылы – 8, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Яғни, соңғы бес жылда 419 кәмелетке толмаған жасөспірім ана атанса, 45-і осы кезеңде жүктілігін тоқтатқан.

Ведомство ұсынған статистикалық мәліметтерге сәйкес, кәмелетке толмағандар арасындағы жүкті болу фактілері көбінесе Жылыой ауданы мен Атырау қаласында 17 жаста тіркеледі.