«Біреуді мазақ еткен жазбаға лайк басу күнә»: ҚМДБ пәтуа жасады

Qaz365.kz редакциясы

ҚМДБ әлеуметтік оқшаулауға қатысты пәтуа шығарды

ҚМДБ

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы кибербуллинг және қорлаудың кез келген түріне, соның ішінде ауызша және физикалық қорқытуға, сондай-ақ әлеуметтік оқшаулауға қатысты пәтуа шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Кибербуллингке және буллингтің кез келген түріне шариғат тұрғысынан қатаң тыйым салынады. Әлеуметтік желі, ұялы телефон арқылы жалған ақпарат тарату, оны бөлісу, сондай-ақ біреуді балағаттап, қорлап жазба қалдыру және оған ортақтасып «лайк» басу – күнә іс.Біреудің жеке жазбаларын, суреттерін, бейнежазбаларын шығарамын деп қорқыту, біреудің дінін не мәдениетін кемсіту және т.б. кибербуллингтің түрлеріне тыйым салынады», – делінген ҚМДБ хабарламасында.