«Неге өтірік айтасыз?»: журналистер картоп бағасын түсіндірген шенеунікті айыптады

Qaz365.kz редакциясы

Ел өңірлерінде сұранысқа ие тауарлардың бірі – картоптың бағасы қымбаттаған

Фото: pixabay

Қазақстанда картоп бағасының неліктен күрт қымбаттағаны жайлы журналистер Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаевтан сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Біз мониторинг жүргіздік. Қазір картоптың орташа құны – 322 теңге. Өңірлер бойынша баға әртүрлі. Ол картоптың ауқымды экспортына байланысты болады. Әдеттегі бағадан шамамен 1,5 есе қымбат. Сонымен қатар, қазіргі таңда бұл көкөніс барлық жерде қолжетімді, – деді Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутіков.

Ернұр Жәутіковтың сөзінше, тұрақтандыру қорларында 62 мың тоннаға жуық картоп бар. Ол ел бойынша орташа есеппен бір килограмына 130 теңгеден сатылады. 

«Біз ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің картоп көлемі бар екенін көріп отырмыз, бірақ бағасы да өсті. Егер логистика мен сауда үстемесін қосатын болсақ, онда құны нарықта ел бойынша орташа есеппен 322 теңге көлемінде өзгереді», - деді Жәутіков. 

Ол бір күн бұрын супермаркеттен 433 теңгеден картоп сатып алғанын айтты.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі Назгүл Хатипова желтоқсан айының ортасынан бастап тұрақтандыру қорларын брондау жүріп жатқанын айтты.

«Сонымен қатар жаңа келісімшарт бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта Қазақстанда нақты айтқанда 68 мың тонна картоп бар», – деп түйіндеді сөзін Жәутіков.