Таяқ жеген сарбаз Алматыдағы ауруханада жатыр
Ақтөбедегі әскери бөлімдердің бірінің сарбазы қаруласымен жанжалдан кейін әскери госпиталь төсегінен бір-ақ шықты, деп хабарлайды qaz365.kz "Алматы"телеарнасына сілтеме жасай отырып.
Қазіргі таңда әскерге Қарағандыдан шақырылған 18 жастағы сарбазға ота жасалып, ем жүргізілуде.
№ 30238 әскери бөлім командирінің орынбасары Ренат Шәріповтің айтуынша, әскери полиция органдары қазіргі уақытта тергеу іс-шараларын жүргізуде, тергеу мүддесіне сәйкес, ол туралы жария етуге жатпайды.
"Аталған әскери қызметші, мерзімді қызмет сарбазы Алматыдағы ауруханада жатыр. Алған жарақаты - сол жақтағы төменгі жақ сүйегінің сынуы. Отадан кейінгі тиісті ем-дом жүргізілуде», - деді Ренат Шарипов.
Екі сарбаздың арасындағы қақтығыс артиллерия бригадасында болғаны анықталды. Мерзімді қызметін өтеуші сарбаз казармада еден жуып жатқанда, әріптесіне ескерту жасаған. Оны көтере алмай қалған қызметтесі сарбазды сол жерде аяусыз ұрып тастаған.
Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.