Қырғызстан заң жүзінде бетті тұмшалайтын киім киюге тыйым салды

Qaz365.kz редакциясы
Фото: Алексей Смагин, Коммерсантъ

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров бетті тұмшалайтын киім киюге тыйым салды. Президенті тиісті құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Заң қоғамдық орындарда адамның жеке басын анықтауға мүмкіндік бермейтін киім киюге қатысты енгізілді. Заң жобасын Жоғарғы кеңес 2024 жылдың 26 желтоқсанында қабылдаған.

Сонымен қатар, дәл осы заң психологиялық немесе физикалық зорлық-зомбылық арқылы дінді мәжбүрлеуге, қарттар үйінде, әскери бөлімдерде немесе түзеу мекемелерінде діни рәсімдерді өткізуге тыйым салады.

Сондай-ақ, діни әдебиеттерді қоғамдық орындарда, мемлекеттік, муниципалдық және білім беру ұйымдарында таратуға тыйым салынады.