Алматыда құрылған тұрақты жұмыс орындарының 80%-дан астамы ШОБ-қа тиесілі

Qaz365.kz редакциясы

Қаланың қолайлы инвестициялық климаты жоғары несие рейтингпен расталады

Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

2024 жылы Алматы қарқынды әлеуметтік-экономикалық дамуды көрсетті. Қаланың қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 5,5% болжамды өсімнен асып, 8,3%-ға жетті. Көлік қызметтерінің көлемі 25,3%-ға, құрылыс көлемі 17%-ға және сауда көлемі 8,6%-ға өсудің драйверлері болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

2024 жылдың 9 айында Алматы қаласының жалпы өңірлік өнімі нақты көрсеткіште 3,8%-ғаөсті. 2024 жылдың қорытындысы бойынша қаланың ЖӨӨ өсімі 5,8%-6% деңгейінде бағаланса, 2025 жылы экономикалық өсімнің 6,4%-ға дейін жеделдеуі болжанып отыр. 

Қала экономикасының қарқынды өсуінің арқасында жергілікті бюджеттің кірісі артып келеді. 2024 жылы Алматы бюджетіне 1 874 млрдтеңге салық және төлемдер түсті, бұл 24% өсімкөрсетіп отыр. Негізгі кірістер – шамамен 70%-ы - ШОБ дамуы есебінен қамтамасыз етілген.

2024 жылдың 9 айында алматылықтардың орташа табысы 335 мың теңге болып, нақты көрсеткіште 10,2%-ға өсті. Орташа айлық жалақы нақты түрде 6,1%-ға өсіп, 470 мың теңгеге жетті, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жоғары. 

2024 жылы 73,9 мың жұмыс орны құрылды, оның 83,2%-ы – тұрақты жұмыс орындары (61,5 мың). Соның нәтижесінде 2024 жылдың III тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ға дейін төмендеді.

Жоғары іскерлік және инвестициялық белсенділік сақталуда. 2024 жылы негізгі капиталға инвестиция өңдеу өнеркәсібіне (2,9 есе), білімге (84,7%), көлік (37,5%), денсаулық сақтау (31,3%) салаларына салынған инвестицияның айтарлықтай өсуі есебінен 8,2%-ға ұлғайды. 90%-ы жеке инвестиция болса, олардың өсімі 6,2% болды. 

Қаланың қолайлы инвестициялық климаты жоғары несие рейтингпен расталады. 2024 жылғы 6 желтоқсанда Fitch Ratings агенттігі Алматы қаласының «ВВВ+» деңгейіндегі дербес несие рейтингін, «Тұрақты» болжамын растады.

Шағын және орта бизнес қарқынды дамуда, бұл салада тұрақты жұмыс орындарының 80%-дан астамы құрылды. 2024 жылы субсидиялауға, кепілдік беруге және несие беруге бюджеттен 53,1 млрд теңге бөлініп, ШОБ-тың 2507 жаңа жобасықолдау тапты.

Өңдеу өнеркәсібін дамыту қала экономикасын әртараптандырудың негізгі басымдықтарының бірі. «Алматы» индустриалық аймағында 485 млрдтеңгеге 67 жоба іске асырылып, 11,6 мың жұмыс орны құрылды. 2025 жылы 197 млрд теңгеге 15жобаны пайдалануға беру жоспарлануда, бұл 2700жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. «АТП» АЭА-да 31 млрд теңгеге 13 жоба жүзеге асырылып, 220жұмыс орны ашылды. Биыл 10 млрд теңгеге 5жобаны іске қосу көзделген, бұл 361 жұмыс орнын ашуға септігін тигізеді. 

2040 жылға дейінгі бекітілген Бас жоспарға сәйкес, құрылыс тығыздығының төмендету және жасыл аймақтарды ұлғайту көзделіп отыр. Осыған байланысты 2024 жылы пайдалануға берілгентұрғын үй көлемінің 10,3%-ға төмендеді. 2023 жылы 2,67 млн шаршы метр болса, 2024 жылы 2,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Жалпы, 2024 жылға белгіленген экономикалықөсім мен бюджет кірісінің барлық параметрі орындалды. Биыл да әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің қарқынды дамуы жалғасады.