Қазіргі таңда «Activity BOOM» 30-дан астам серіктеспен жұмыс істейді
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, жастарға тамақтану, демалыс орталықтарына жеңілдіктер ұсынатын «Activity BOOM» жобасы жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Комьюнити орталықтың резиденттері қандай жеңілдіктер мен бонустар ала алады?
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, жастарға тамақтану, демалыс орталықтарына жеңілдіктер ұсынатын «Activity BOOM» жобасы жұмысын жалғастыруда.
Арнайы әзірленген дисконттық карта қала жастары үшін қоғамдық көлік, мейрамханалар, киім дүкендері, сұлулық салоны, сапалы тау шаңғы жабдықтарын жалға ұсынатын дүкендер желісіне жеңілдіктер ұсынады. Бұл картаны алу үшін тек комьюнити орталықтарының резиденті болу жеткілікті. Картаны Jas.Almatyплатформасына тіркеп, жеңілдіктерді QR код арқылы оңай пайдалануға болады. Аталмыш картаны болып алған студенттер өз әсерлерімен бөлісті.
«Мен «Activity BOOM» картасын Жетісу ауданындағы комьюнити орталықтан алдым. Біз достарымызбен тауға жиі шығамыз. Тауға шығатын керек жарақты жалға беретін дүкеннің бар болғаны біз үшіні керемет жаңалық болды. Достарым да осындай карта алғысы келеді!», - деді қаламыздың студенттерінің бірі Сұлтан Едігеев.
Қазіргі таңда «Activity BOOM» 30-дан астам серіктеспен жұмыс істейді. Олардың арасында «FOOTLAB» футбол орталығы, «Tobe» тау шаңғы жабдықтарын жалға алу орталығы, Almaty OWL COFFEE, «Maestro» киім дүкені, Weekend lounge, «Aeka posh» сұлулық салоны, «Puff n Play» және«Z CLUB» ойын клубтары және т.б бар. Серіктестердің толық тізімі мен жеңілдік пайызын JasAlmaty.kz сайтының мобильді нұсқасынан көре аласыздар.
Жастар саясаты басқармасының мәліметінше, 2025 жылдың соңына дейін 50 000-нан астам жас алматылық аталмыш картаға ие болады.