ШҚО-да жылу энергетикасындағы инновациялар талқыланды

Qaz365.kz редакциясы

Өңірдің экологиялық-географиялық атласы ұсынылды

ШҚО әкімдігі

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев энергетика саласының ардагері Виктор Недовесовпен және С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың оқытушысы, география ғылымдарының кандидаты Анатолий Чурсинмен кездесті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қатысушылар Өскемен қаласындағы экологиялық жағдайды, сондай-ақ атмосфералық ауадағы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясы және шығарындылар көлемін құру мүмкіндігін талқылады.

Талқыланған маңызды тақырыптың бірі — шағын қазандықтардың жұмысына жаңа технологияларды енгізу. Атап айтқанда, отынды қайнаған қабатта жағу. Бұл тиімді химиялық реакция мен жылу өткізуге мүмкіндік береді.

«Алдағы уақытта жеке секторда блокты-модульдік қазандықтарды орнатып, халықты жылумен қамтамасыз ете аламыз. Бұл сапасыз отынның зиянды шығарындыларын азайтуға, жеке үйлерді жылумен және ыстық сумен үздіксіз қамтамасыз етуге оң ықпал етеді», — деді Ермек Көшербаев.

Сондай-ақ, ол алдағы уақытта қазандықтардың бірінде жаңа технологиялар сынақтан өтетінін атап өтті. Сонымен қатар Виктор Недовесов пен Анатолий Чурсин облыстың экологиялық-географиялық атласын ұсынды.

Облыс әкімі цифрландыру және архивтер басқармасына оны цифрлық форматқа көшіріп, тек облыс тұрғындарына ғана емес, экологиялық жағдайға қызығушылық танытқан кез келген адамға қолжетімді етуді тапсырды.