Қырғыздар тегіндегі орысша «-ов» және «-ев» жалғауларынан бас тартып жатыр

Qaz365.kz редакциясы
Фото: tunduk.gov.kg

Қырғызстанда фамилияларындағы «-ов» немесе «-ев» жалғауды алып тастау басталды. Тиісті заң жобасын депутаттар қолдады, деп хабарлайды Qaz365.kz

Жаңа заң жобасында фамилия мен әке атын жазудың жаңа нұсқалары ұсынылған:

  • Тегін жазғанда ата есіміне әке есімі қосылып, ұл балалар үшін «уулу», қыз балалар үшін «кызы» сөзі қосылады.
  • Ал тегі ата есімі негізінде жазылып, оған «теги» сөзі мен иелік жалғаулары қосылады:
  • Ұл балалар үшін: «дын/тын», «дин/тин», «дүн/түн»
  • Қыз балалар үшін: «дан/тан», «ден/тен», «дөн/төн»

Депутат Жұлдыз Садырбаева фамилиядағы -ов және -ев жалғауларының жойылуы мүмкін екеніне алаңдаушылық білдіріп, осы мәселе бойынша түсінік беруді сұрады.

Жоба авторларының бірі Мирлан Самыйқожа бұрыннан бар емле, оның ішінде «ұлы» және «қызы» сөздерінің қолданысы сақталғанын түсіндірді. Ол сұраныс бойынша балама емле нұсқалары ұсынылатынын айтты.

Бір күн бұрын Жогорку Кенеш спикері Нұрланбек Шәкиев фамилиясын өзгертіп, Нұрланбек Тұрғынбекұлы болғаны хабарланған болатын.