Бас имамның «зәулім сарайы» деп жалған ақпарат таратқан астаналық тұрғын кешірім сұрады

Qaz365.kz редакциясы

Видеоны тик-ток желісіне салу үшін түсірген

Коллаж Qaz365.kz

Әлеуметтік желіде зәулім үйді көрсетіп, онда Астана қаласының бас имамы тұратынын айтқан ер адам кешірім сұрады. Оның бұл видеосын ҚМДБ ресми өкілі Ағабек Қонарбайұлы жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Еске салсақ, кейінгі екі-үш күнде желіде ер адам зәулім үйді түсіріп, онда Астана қаласының бас имамы тұратынын айтып, ол желіде қызу талқыға түсті. Алайда ол жалған ақпарат болып шыққан еді.

Сөйтіп, белгісіз ер адам бүкіл қазақ елінен, Астананың бас имамынан және үй иесінен кешірім сұрап, ол видеоны ресми өкіл Ағабек Қонарбайұлы таратты.

«Құрметті қазақ елі, мен осыдан екі күн бұрын интернет желісіне Астананың бас имамының видеосы деп бір видео салған едім. Ол видеоны арам оймен түсірген жоқпын. Тик-ток желісіне саламын деп түсірген едім. Сол үшін бүкіл  қазақ елінен кешірім сұраймын. Астананың бас имамынан кешірім сұраймын. Сондай-ақ сол видеодағы үйдің иесінен кешірім сұраймын. Мен де үш баланың әкесімін. Жалғыз шешем бар. Мына мұсылман  бауырларыңызды кешіріп қойыңыздар. Мынадай шу болып кетеді деп ойламадым», - дейді жалған ақпарат таратқан ер едам.