Журналист Әсем Жәпішева 15 күндік қамаудан кейін бостандыққа шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ол 20 қаңтар күні Алматыда Qaznews24 сатиралық паблигінің авторы Темірлан Еңсебекке қолдау білдіріп, «Сатира – қылмыс емес» деген жазуы бар плакат ұстап шыққан еді.
Әсем Жапишева бостандыққа шықты. Оны @qaznews_24 сатиралық медиасының авторы Темірлан Еңсебекті қолдау пикеті үшін 15 тәулікке қамауға алған еді. Әсем оны 15 күн бойы азық-түлікпен, хаттармен қолдағандардың бәріне алғысын жеткізеді, делінген, - Oyan, Qazaqstan парақшасында.
Еске салсақ, 20 қаңтар түске қарай Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры алдына пикетке шыққан Әсемді бес минут өтер-өтпес уақытта полиция алып кеткен болатын.