Депутат сталкинг термині қазақ тіліне аударылмағанын айтты
Мәжіліс депутаты Абзал Құспан сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілгенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Депутат сталкинг термині қазақ тіліне аударылмағанын айтты.
"Осы халықаралық терминді қолданғанды жөн көрдік. Өйткені әлемде осы термин қолданылып отыр. Бірден оны ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстар қатарына қоспаймыз. Мақсатымыз – азаматтарды бұл норма бойынша бірден соттап, түрмеге тоғыту емес. Бұл ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстардың алдын алу мақсатында енгізіліп отырған норма. Насихат жұмысын да кеңінен жүргізуіміз қажет. Себебі азаматтар жаңа жауапкершілік енгізіліп жатқандығынан бейхабар болуы мүмкін. Жалпы қылмыстық жауапкершілікке қатысты өте абай болуымыз қажет. Оны қылмыстық теріс қылық санатында енгізгелі жатырмыз", - деді депутат Мәжіліс кулуарында.
Абзал Құспан тиісті норманы енгізу барысында Германия мен Канаданың тәжірибесі зерттелгенін, Канадаға арнайы комиссия барғанын айтты. Сөзінше, шетелде сталкинг ауыр қылмыс санатына жатады.
Бұл қылмыстық жауапкершілік үшін айыппұл қаралыстырылып жатқанын жеткізді.
Мәжілісмен сталкерлерді анықтау процесі қалай жүргізетінін түсіндірді.
"Жәбірленуші ішкі істер органдарына арыз-шағым түсіруі керек. Содан кейін ішкі істер органдары тергеу-тексеру жұмыстарын жүргізеді", - деді Абзал Құспан.