Түрмедегі экс-министр Мұхамедиұлы екінші жыл қатарынан ақпанда аштық жарияламақ

Qaz365.kz редакциясы

Түрмеде отырған экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы тағы да аштық жариялайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әу бастан-ақ өзімді кінәсіз санағандықтан аштық жарияладым, - деп жазды экс-министр әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске салсақ, Арыстанбек Мұхамедиұлы былтыр да ақпан айында аштық жариялайтынын айтқан болатын.

Егер менің құқыма шек келтірсе, ресми түрде аштық жариялаймын. Олар не қаласа, оны қаласын! – деген болатын Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Еске сала кетейік экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы миллиардтаған мемлекет қаражатын жымқырды деп айыпталған болатын. Ол 11 жылға бас бостандығынан айрылды.