Жетісу облысында кәсіпорын коммуналдық тарифті негізсіз көтерген

Nur-Altay Umirzak

Кәсіпорынға 15,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

Сурет: ufacity.info

Жетісу облысында тарифті негізсіз көтерген кәсіпорын анықталып, айыппұл салынды,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді.

“Жетісу облысында Антикор ұсынысы бойынша сумен жабдықтау қызметтеріне тарифтер төмендетілді.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұсынысы бойынша Талдықорған қаласының тұрғындары мен 2,4 мың кәсіпкердің құқықтары қорғалды. «Жетісу Су Арнасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын көрсетілетін қызметтер көлемінің өсуіне қарамастан, заңнама талап еткендей су тарифін төмендету үшін іс-қимыл жасаған жоқ.«Бизнеске жол» жобасы шеңберінде суға негізсіз тарифті төмендетуге қол жеткізілді, бұл жеке тұлғалар мен кәсіпкерлік субъектілеріне де әсер етті (бизнес субъектілері үшін тариф 275,5 теңгеден 251 теңгеге дейін – 1 м3 үшін, жеке тұлғаларға 1 м3 үшін – 70 теңгеден 68 теңгеге дейін төмендетілді). Қабылданған шаралардың арқасында бизнес субъектілері шамамен 23 млн теңгені үнемдей алды. Монополияға қарсы ведомство тарапынан техникалық шарттарды беруден бас тартудың заңдылығына тексеру жүргізілді. Нәтижесінде заңсыз бас тарту тәжірибесін тоқтатып, «Жетісу Су Арнасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынға 15,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды”, – делінген Антикор хабарламасында.

Қабылданған шаралар әділ тарифтік саясатты қалыптастыруға және жергілікті тұрғындар мен бизнес субъектілері үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік бермек.