Орнына 5 пайыздық жеңілдетілген несие берілмек
Мал басына берілетін субсидия толық алынып тасталуы мүмкін, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.
“Қазір ведомство субсидиялық мемлекеттік қолдауды малға емес, тапсырылған еттің көлеміне қарай беруді қарастырып отыр. Бұл 5 пайыздық жеңілдетілген несие болуы мүмкін. Оның көлемі мен уақыты зерделеніп жатыр”, – деп мәлімдеді министр.