Елімізде еттің неге қымбаттап кеткені белгілі болды

Nur-Altay Umirzak

Ет қазір елімізде 2 700 бен 3500 теңге аралығында саудаланып жатыр

Сурет: ашық дереккөзден

Елімізде еттің неге қымбаттап кеткені белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы  бүгінгі Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты.

«Ет бағасына Тәжікстан мен Өзбекстанның қазақ етіне деген сұранысы әсер етті. Бұл елдер өңірлерден ет сатып алып жатыр. Салдарынан алыпсатарлар да бағаны көтере бастаған.Қазір жағдай тұрақтанып келеді. Мен кеше ғана ет жеткізумен айналысатын адамдармен сөйлестім. Ет бағасы 2 700-3 300 теңге аралығында сатылып жатыр. Ет мүшелеріне қарай 3500 теңгеге баруы мүмкін. Бірақ ет жеткілікті», – дейді министрАйдарбек Сапаров.