Некеге мектеп жасынан бастап дайындау керек – сенатор Жанна Асанова

Nur-Altay Umirzak

Қазіргі балалардың тұтас бір буынының әкесі немесе шешесі жоқ

Сурет: parlam.kz

Қазақстанда некеге мектеп жасынан бастап дайындау ұсынылды

Аталған ұсынысты бүгін Парламент қабырғасында сенатор Жанна Асанова ұсынды.

“Біз отбасы институтын дамытуымыз керек. Алайда қазір ата-аналардың көбі балаларды оқытуға, толық дағдыға үйретуге мүмкіндік таппай жатады. Осыған байланысты алдын алу шараларын қабылдау керек. Ол үшін орта және жоғары сынып оқушыларына өмірлік қажеттілігі бар дағдыларға үйрету керек. Тігін тігу, тамақ пісіру, тас қалау, үй жөндеу, тұрмыстық техникаларды жөндеу, алғашқы медициналық көмек, төтенше жағдайлардағы дағды, өзін-өзі қорғау, қаржылық сауаттылық – бәрін үйрету керек. Мұның бәрі балаларға өзін дамытуға көмектеседі. Қазіргі балалардың тұтас бір буынының әкесі немесе шешесі жоқ. Қазақстанда шамамен бір жылда некелердің жартысы ажырасумен аяқталады. Тенденция тұрақты. Тіпті өсіп барады. 2021 жылы 141 мың отбасының 60 мыңы ажырасса, 2024 жылы 125 мың некенің 61 мыңы ажырасып кеткенін көріп отырмыз. Мұндай тенденцияны тоқтату үшін көңіл бөлуіміз керек”, –  дейді сенатор.

Мұндай тәжірибе сенатордың айтуынша, дамыған елдерде, Оңтүстік Корея мен Жапонияда қолданыста бар көрінеді.