Ұшатын аппараттың ұзындығы – 120 сантиметр
Батыс Қазақстан облысының Бөкейорда ауданына қарасты Ұялы ауылының шетінде құлаған ұшқышсыз ұшу аппараты табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Оқиға орнынан түсірілген суреттерді жергілікті тұрғындар бөлісті. Кейінірек бұл ақпаратты аудан әкімі Нұрлыбек Даумов растады, бірақ түсініктеме беруден бас тартты.
Ұшатын аппараттың ұзындығы – 120 сантиметр. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жұмыс істеді.
Анықталғандай, бұл құрылғы француздық «Sagem» компаниясы жасаған «Crecerelle» барлау дронына қатты ұқсайды.
Қазіргі уақытта БПЛА Қазақстанның әскери қызметкерлеріне тапсырылып, облыс орталығы – Орал қаласында сақталуда.
Бөкейордасы ауданының аумағында Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі жалға алған "Капустин Яр" әскери полигоны бар.