99,5 пайызға жетеміз: Жамбыл облысында биыл 23,6 млрд теңгеге жол жөнделмек

Nur-Altay Umirzak

Өңірде 146 жолға жөндеу жобасы жүзеге асырылып жатыр

Сурет: ​ Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жамбыл облысында биыл жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекен көшелері бойынша 417,1 шақырым жол жөнделеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
 
​Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында инфрақұрылымды дамыту –  бұл мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Осы міндетті іске асыру аясында Жамбыл облысында ауқымды жұмыстар атқарылуда.


 
​Жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Саурықовтың айтуынша, 2024 жылы 16,5 шақырым жол салынып, 1 көпірдің құрылысы жүргізілді. 3 шақырым жол қайта жаңғыртылып, 690,4 шақырым жол орта жөндеумен қамтылған.
 
​Жол –  экономиканың күретамыры. Биыл өңірдегі жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекен көшелерін жөндеуге 23,6 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаржыға 146 жол жөндеу жобасы жүзеге асырылады.

​Атап айтқанда, 17,7 шақырым жаңа жол салынады, 8 шақырым жол қайта жаңғыртылады, 391,4 шақырым жол орта жөндеуден өтеді.
 
​Жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында бөлінген қаржының 3,4 млрд. теңгесі жергілікті жолдар мен елді мекен көшелерін ағымдағы жөндеу мен күтіп ұстау жұмыстарына бағытталмақ.


 
​Биылғы жылдың қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесін 99,5 пайызға (2024 ж. - 99%), елді мекен көшелері бойынша бұл көрсеткішті 89 пайызға (2024 ж. - 87%) жеткізу межеленіп отыр.