ШҚО-да 3 аудан жаңа уақыт кестесіне көшті

Qaz365.kz редакциясы

Енді бұл аудандарда жұмыс күні әдеттегіден өзге уақытта басталады

Фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл және Үлкен Нарын аудандарында жұмыс уақыты ресми түрде өзгерді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Енді бұл аудандарда жұмыс күні таңғы 08:00-де басталып, кешкі 17:30-да аяқталады. Түскі үзіліс 12:00-ден 13:30-ға дейін аралығында болады.

Марқакөл ауданы әкімдігінің мәліметінше, жаңа кесте тұрғындармен кеңескеннен кейін енгізілді.

"Жұмыс уақыты таңғы 08:00-де басталды. Халықпен ақылдаса келе, осындай шешім қабылдадық. Бұл өзгерісті тұрғындар қолдады, себебі таңертең бәрі ерте оянады, ал кешкі уақытта отбасы мен тұрмыстық шаруаларға көбірек уақыт қалады", – деді әкімдік өкілдері.

Айта кетейік, бұған дейін Қатон-Қарағай ауданында мемлекеттік мекемелер мен әлеуметтік ұйымдардың жұмыс кестесі өзшерді. Аудан әкімдігі тұрғындардың ұсынысын қолдап, өзгерісті пилоттық режимде енгізді.