Экологияға келтірілген шығын 1,3 миллион теңгеден астам соманы құраған
Павлодар облысында заңсыз ағаш кесу фактісі анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
“Аққулы ауданы Ертіс өзенінің жайылмасында прокуратураның үйлестіруімен заңсыз ағаш кесумен айналысқан тұлғалар тобы ұсталды. Ұсталғандардың бірі Павлодар облысының орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қызметкері болып шықты.Қылмыстық кодекстің 340-бабы 3-бөлігі және 188-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу аясында полиция қызметкерлері ұрланған ағаштар мен қылмыс құралдарын тәркіледі”, – делінген Бас прокуратура хабарламасында.
Экологияға келтірілген шығын 1,3 миллион теңгеден астам соманы құраған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталды, қылмыстық іс сотқа жіберілді.