Биыл елде 100 базар жаңартылады
Елімізде жыл басынан бері 4384 кәсіпкер азық-түлікті үстеме бағамен сатқан. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz
"2022 жылы 490 хаттама толтырылды, оның ішінде 310 хаттама үстеме баға қосу бойынша. 2023 жылы 1008 хаттама толтырылды, оның ішінде 760 хаттама сауда үстеме баға қосуға қатысты. Жыл басынан бері бағаны қолдан өсіргені үшін 4384 кәсіпкер жауапқа тартылды", — деді Айдар Әбілдабеков орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Одан бөлек Сауда комитеті жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар тауардың бағасын көтерген 691 кәсіпкерді анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартқан.
"Қазір Сауда комитетінде тағы 79 материал қаралып жатыр", – дейді ол.
Айта кетейік, биыл елде 100 базар жаңартылады. Алдымен Сауда және интеграция министрлігінің өкілдері барлық базарды аралап, тексеріп шығады.