2013 жылы туған баланың жабық бас-ми жарақаты, басында және аяқтарында көптеген гематомалар анықталды
Семейде дәрігерлер соққыға жығылған 6 сынып оқушысының қазіргі жағдайын айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
2013 жылы туған баланың жабық бас-ми жарақаты, басында және аяқтарында көптеген гематомалар анықталды. Оған медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, баланың жағдайы салыстырмалы түрде қанағаттанарлық. Оны тексеріп, өміріне қауіп жоқ екенін анықтады. Пациент педиатр, травматолог және невропатологтың бақылауында.
Баланың жағдайы оның психоэмоционалдық жағдайы мен диагнозына байланысты салыстырмалы түрде қанағаттанарлық. Бала қажетті диагностикалық тексерулерден өтті. Сараптама қорытындысы бойынша өмірге қауіп төндіретін себептер жоқ, - деп хабарлады басқарма.
Еске салсақ, бұған дейін Семейде 6-сынып оқушысын соққыға жыққан 3 жеткіншектің әке-шешесі ата-аналық құқығынан айырылғаны хабарланған.