Астаналық әйелдерге 8 наурыз мерекесіне орай 9800 теңгеден беріледі

Qaz365.kz редакциясы

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

Фото: ашық дереккөзден

Астаналық әйелдерге 8 наурызға орай 9830 теңгеден беріледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 84/10-VIII қаулысымен бекітілген елорда бойынша әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлемелерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға – 36 мыңға жуық азаматқа 2,5 АЕК (9830 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек берілетін болады.

Төлем көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға, оның ішінде Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын әлеуметтік аз қамтылған аналарға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Әлеуметтік төлемдер орталығының тізімдері негізінде жүзеге асырылады.

Айта кетейік, өткен жылы елордалық көпбалалы әйелдерге 9230 теңгеден берілген болатын.