Ескі көлік иелері Алматы қаласына кіру үшін ақы төлейтін болды

Nur-Altay Umirzak

Алматыға күн сайын  сырттан 400 мыңнан аса көлік қатынайды

Сурет: Виктор Федюнин/ Kazinform

Ескі көлік иелері Алматы қаласына кіру үшін ақы төлейтін болды, деп хабарлайды

Qaz365.kz.

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында айтты.

Мегаполистің экологиялық ахуалын жақсарту үшін 2025-27 жылдарға арналған бағдарлама әзірленген. Жоспар бойынша алғашқы шектеулер келесі жылдың соңына қарай енгізіле бастайды.

"Көлік реформасын 2026 жылдың соңына дейін толығымен аяқтау жоспарланған. Шектеулер төлем арқылы болады. Мысалы, Алматыда тіркелген көлік заманауи экологиялық талаптарға сай келмесе, көлік иесі қаланың кей аймақтарына кіру үшін ақы төлейді. Біз қазір бұл бағыттағы жұмыстарды жетілдіру үстіндеміз", – деді қала әкімі Ерболат Досаев.

Алматыда ресми 635 мыңнан астам темір тұлпар тіркелген. Сондай-ақ күн сайын қалаға сырттан 400 мыңға жуық автомобиль қатынайды.