Отыз күн ораза ұстаудың қандай пайдасы бар – мамандар жауап берді

Nur-Altay Umirzak

Ораза кезінде дұрыс тамақтану  – әрі сауап әрі дертке дауа

Сурет: bizimaile.com

Отыз күн ораза тұтудың сауабы көп, ал оның ағзамызға пайдасы да көп болып шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі “Оян!” таңғы ақпараттық телехабарына сілтеме жасап.

Ораза ұстаудың адам денсаулығына әсері қандай? Ауызашар мен сәресінде қалай тамақтанған дұрыс? Бұл жайында эндокринолог, нутрициолог мамандар пікір білдірді.

Адам күніне кем дегенде 14 сағат ішіп-жеуден тыйылғандықтан, ағзада жасушалар жаңарып, әлсіз, ескілері өздігінен жойылады. Сондай-ақ, ауыз бекіту кезінде дұрыс тамақтанып, зиян тағамнан бас тартатын болса, бұл  иммунитетті де күшейтеді екен.

"Оразаның адам ағзасына пайдасы өте орасан зор. Біріншіден, бізде аутофогия процесі іске қосылады. Яғни, ағзадағы ескі клеткалар өзін өзі қортып, ағзадан шығарып отырады", – дейді эндокринолог маман Балзия Шыныбекова.

Оразаны кімдерге ұстауға болмайды?

Ол біріншіден, қан диабеті бар жандар. 1 типті, 2типті. Асқазан-ішек жолындары аурулар, оған асқазанның жарасы жатады. Өтте тас болатын болса. Ішек аурулары және де қан қысымы бұзылған науқастарға ораза ұстау денсаулығының нашарлауына әкеп соғуы мүмкін. 

Ораза тұту адам ағзасындағы бірнеше оң өзгеріске әкеледі:

  • Адам ағзасын улы заттардан тазартады, 
  • Тері ауруларымен күреседі,
  • Қант диабетіне тосқауыл болады, 
  • Қан қоюлануының алдын алады, 
  • Ас қорыту жүйесінің дем алуына мүмкіндік береді.

Ал ораза кезінде қалай тамақтанған дұрыс?

"Ауызашар уақытында жылы судан бастап ауыз ашу керек. Ол не үшін, не себепті 10-16 сағат аш жүргеннен кейін өт асқазанға бөлінуі керек. Ол қай уақытта бөлінеді? Тамақты көріп, тамақ ішуге дайындалып жатқанда бөлінеді. Содан кейін жақсы, жеңіл тамақтардан бастайды. Әр тамақтың құрамында ақуыз болуы керек, күрделі көмірсулар болу керек және дәнді-дақылда, жеңіл майлар. Жеңіл тағамнан бастаған кейін ас қорыту да жақсы болады. Сәресіні ішкенде тамақты көп жеуден, сұйықты көп ішуден аулақ болу керек. Күндіз аштықты сезінбеу үшін әрі тағам ұзағырақ қорытылуы үшін «көкөністер мен дәнді дақылдар, жемістер секілді күрделі көмірсуларды жеу керек. ", –  дейді нутрициолог маман Ханым Ахметова.

Рамазан айында рухани тұрғыдан тазарып,  денсаулығыңыз нығайып, қуатыңыз артсын. Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан!

Еске сала кетейік, наурыз айының 26-нан 27-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 30 наурыз – ораза айт мерекесі. Биыл Рамазан айында мұсылман қауымы 29 күн ораза ұстайды.

Сонымен қатар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде биылғы пітір садақасының мөлшері 655 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады.