Тергеу толығымен аяқталды
Әйелі Карина Мамашты азаптаған бұрынғы дипломат 7 жылға сотталуы мүмкін, деп хабарлайды Qaz365.kz Жетінші арнаға сілтеме жасап.
Карина Мамаштың адвокаты Бибінұр Мұратованың айтуынша, күйеуінен 10 жылдан аса қорлық көрген екі баланың анасының ісі сотқа жіберілді.
Тергеу толығымен аяқталды. Енді экс-дипломат Қылмыстық кодекстің 100-бабы (Азаптау) бабы бойынша сот алдында жауап береді, – дейді адвокат.
Айта кетейік, бұл бап бойынша күдікті енді 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Еске салсақ, бұған дейін дипломаттың әйелі Карина Мамаш 5 мамырда Сәкен Мамаш үйіне қонаққа келген әпкесі мен оны ұрып-соққанын айтқан еді.