Қылмыстық істің сотқа нақты қай күні жіберілетіні әзірге белгісіз.
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Сенаттың брифингінде Талғарда мерт болған Шерзат Болаттың өліміне қатысты қылмыстық істің тергеуі толық аяқталғанын айтты,деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұған дейін айтқанымыздай, қылмыстық істі тергеу толық аяқталды. Іс зерттеп, айыптау актісін жасау үшін прокуратураға жіберілді. Қазіргі уақытта Алматы облысының прокуратурасы жүргізілген тергеу әрекеттерінің заңдылығын толықтай тексеруде. Осыдан кейін істі сотқа жіберу туралы шешім қабылданады, -дейді Әсет Шындалиев.
Қылмыстық істің сотқа нақты қай күні жіберілетіні әзірге белгісіз. Дегенмен заңға сәйкес, прокурор бұл шешімді 10 күн ішінде қабылдауы тиіс. Егер іс күрделі деп танылса, бұл мерзім бір айға дейін ұзартылуы мүмкін.
Егер ол қиын қылмыстық іс болса, прокурор шешімді бір ай ішінде шығара алады. Қазір бұл іспен Алматы облысының прокуратурасы айналысып жатыр, - дейді бас прокурордың орынбасары.