Тоқаев Мұса Сайранбайұлын "Ерлігі үшін" медалімен наградтады

Qaz365.kz редакциясы

Президент Жарлығымен

Фото: instagram.com / abdraimov_musa

Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Мұса Сайранбайұлы Әбдірайым "Ерлігі үшін" медалімен наградталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Мұса Сайранбайұлы Әбдірайым «Ерлігі үшін» медалімен наградталды", - делінген президент хабарламасында.

Еске салайық, бүгін, 7 наурызда Алматыда ер адам әуежай қызметкерін шашынан ұстап, пышақпен қорқытқан болатын. Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 7 минуттан кейін құқық бұзушыдан полиция қызметкерлері мен әуежайдағы азаматтардың көмегімен суық қаруы алынды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев күдіктінің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамның батылдығын ерекше атап өтіп, аталған азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды.