Бүгін банкроттыққа өтінім қабылдау басталады

Qaz365.kz редакциясы

Оның салдарын да ескеру қажет

inbusiness.kz

Бүгіннен бастап қазақстандықтар банкроттыққа өтінім бере алады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.

2022 жылғы 30 желтоқсанда президент «Қазақстан азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заңға қол қойды. Заң 1 қаңтарда ресми түрде жарияланды.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, былтыр қазақстандықтардың несие қарызы 14 трлн теңгеге жеткен. Оның ішінде тұтынушылық несиенің көлемі – 8 трлн теңге.

Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегінше, 1,5 млн адамның қарызын төлей алмай жүргеніне 90 күннен асып кеткен.

Заңға сәйкес банкроттық рәсімінің 3 түрі болады. Банкроттыққа сотталғандар да өтініш бере алады.

Банкроттықты рәсімдеудің салдары:

  • 5 жылға несиелер алуды шектеу көзделеді;
  • 7 жылдан кейін ғана банкроттыққа қайта жүгіне алады;
  • Банкроттықтан кейін 3 жыл ішінде банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізіледі.

Қаржы министрлігінің хабарлауынша, осы рәсімнің нәтижесінде 1,1 млн қазақстандық несиесінен құтылуы мүмкін.