Абай облысында ата-аналар бір құжат үшін 200 км сабылып жүрген

Nur-Altay Umirzak

Білім беру ұйымдары ата-аналардан заңмен қарастырылмаған құжатты талап еткен

Сурет: sputnik.kz

Абай облысында ата-аналар медициналық-педагогикалық консультациялардың қосымша қорытындысын алу 200 км сабылып жүрген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасның баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Абай облысында прокурорлар мемлекеттік органдардың негізсіз талаптарын жоюға қол жеткізді. Абай ауданында мүмкіндігі шектеулі 10 балаға үйде оқыту жүргізіледі. Балаларды үйде оқыту және тәрбиелеудің негізі болып дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы табылады. Дегенмен, білім беру ұйымдары ата-аналардан заңмен қарастырылмаған психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың қосымша қорытындысын талап еткен. Аудан прокуратурасының заң бұзушылықтарды жою туралы ұсынысын қарау нәтижесінде білім бөлімі қажетсіз құжаттарды сұрату практикасын тоқтатты, енді ата-аналар қажетті қызметтерді артық қағазбастылықсыз ала алады”, – делінген прокуратура хабарламасында. 

Ал бұған дейін медициналық қорытындыларды алу үшін ата-аналар балаларымен аудан орталығынан 200 км қашықтықта орналасқан қалаға баруға мәжбүр болған. Бұл үлкен қолайсыздықтар мен қосымша шығындарды тудырған.