Шерзат Болаттың ісі бойынша материалдар осы аптада сотқа түседі

Qaz365.kz редакциясы

Министрдің орынбасары ол негізгі сот талқылауы қашан басталатынын нақты айта алмады.

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Талғарда кісі қолынан қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Болаттың ісі бойынша материалдар алдағы күндері сотқа жіберілетінін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz

Шерзаттың ісі прокуратурада қаралуда. Алдағы күндері, осы аптада іс сотқа келеді деп күтеміз. Олар негізгі сот ісін жүргізетін судьяны анықтайды. Кейіннен сот түсініктеме берсе дұрыс болады деп ойлаймын, - дейді Санжар Әділов.

Министрдің орынбасары ол негізгі сот талқылауы қашан басталатынын нақты айта алмады.

Санжар Әділов сонымен қатар, Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың ісі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын, ол істе ешкім күдікті ретінде танылмағанын айтады.

Айта кетейік, бас прокуратура Шерзат Болаттың ісіне қатысты іс материалдарымен танысып, 39 сараптама мен 117 тергеу әрекетін жүргізгенін мәлімдеген. 27 ақпанда Шерзат Полаттың өліміне қатысты істі тергеу аяқталды. Жалпы қылмыстық іс 62 томнан тұрады. Бұның ішіне сараптама қорытындылары, жиналған дәлелдемелер мен жауап алу хаттамалары және басқа да маңызды материалдар кірген.