Қазақстандықтар Наурыз мейрамына орай қанша күн демалады

Qaz365.kz редакциясы

Наурыз мейрамы 21-23 наурыз аралығында тойланады

Фото: gov.kz

Бір аптадан кейін елімізде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы тойланады. Мейрамға орай, ел тұрғындарын қосымша демалыс күндері күтіп тұр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жылда елімізде Наурыз мейрамы 21-23 наурыз аралығында тойланады. Биыл 22, 23 наурыз сенбі және жексенбіге түсіп тұрғандықтан, демалыс күндері 24 және 25 наурызға (дүйсенбі және сейсенбіге) ауыстырылды.

Осылайша, бес күндік жұмыс істейтін қазақстандықтар 21, 22, 23, 24, 25 наурыз күндері, ал алты күн жұмыс істейтін тұрғындар 21, 22, 23, 24 наурыз күндері демалады. Сейсенбі, 25 наурыз олар үшін жұмыс күні болып саналады.