Түркістанда сушиден уланған 22 адам ауруханаға жатқызылды

Qaz365.kz редакциясы

Түркістан қалалық орталық ауруханасына 22 науқас жатқызылды. 

Фото: Freepik

Әлеуметтік желіде Түркістанда суши жеген 55 адам уланып, ауруханаға түсіпті деген ақпарат тарады, деп хабарлайды  Qaz365.kz

Бұған қатысты Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді. Бірақ басқарма 55 адам уланды деген ақпаратты жоққа шығарды.

Түркістан қалалық орталық ауруханасына 22 науқас жатқызылды.  Оларға «Тағамдық токсикоинфекция, болжамды жағдай» диагнозы қойылған.  Ем қабылдап жатқан науқастардың жағдайлары қалыпты. Барлығы жұқпалы аурулар бөлімшесінің оқшауланған палаталарға жатқызылып, ем тағайындалған, дәрі-дәрмек жеткілікті, - делінген хабарламада.