ҚМДБ мешітте "балаларға аяғын уқалатқан имамға" қатысты мәлімдеме жасады

Qaz365.kz редакциясы
видеодан скриншот

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Сарыағаштағы медресенің бас ұстазының аяғын шәкірттері уқалаған видеоға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мешіт – құлшылық үйі, жамағат жиналатын рухани орда, қасиетті мекен, тәрбие орны. Құлшылық үйіне келген адам мешіт әдебін сақтауы тиіс. Бұл – мұсылманның көркем мінезінің бір. Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы мешітте болған оқиға әлеуметтік желілерде тарап, қоғамның түрлі пікір қайшылығын тудырды. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті орында қоғам наразылығын тудырған әрекетке жол бергені үшін мешіт имамына ескерту жасады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі барша мұсылман жамағатын құлшылық үйлерінде дауыс көтеріп сөйлемеуге, әдепсіз әрекеттерге жол бермеуге, ұрыс-керіс жасамауға шақырады. Жамағатты барынша мешіт әдебін сақтауға үндейміз, - делінген ҚМДБ хабарламасында.

Айта кетейік, аталған жағдай Әбішұлы Сатыбалды мешітінде болған. Сарыағаш медресе-колледжінің құрылтайшысы Әбжаппар Сманов таң намазында шәкірттерге насихат айтқан.