Қазақстанда мешітке берілетін садақаны тексеру ұсынылды

Qaz365.kz редакциясы

Заңгер алдағы уақытта осы ұсыныстардың жемісін көретініне сенім білдірді

Фото: Depositphotos

Бурабайда IV Ұлттық құрылтайдың отырысы аясында секциялар өтіп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Секцияға қатысқан заңгер, Ұлттық құрылтай мүшесі Айгүл Орынбек қоғамдағы өзекті мәселені көтерді.

Ол мешіттер жайлы да ойын айтты.

Мешіттерге садақа ретінде көп қаражат бөлінеді. Бірақ оның қайда кетіп жатқаны белгісіз. Беріліп жатқан қаражатқа мүмкін террористерді қаржыландырып отырған шығармыз… Оны мемлекет тарапынан бақылауға алуымыз керек, - деді ол.

Заңгер алдағы уақытта осы ұсыныстардың жемісін көретініне сенім білдірді.