Алматыда ескі ғимараттың орнына заманауи Оқушылар үйі салынды

Qaz365.kz редакциясы

Қала әкімі тұрғындардың сұрақтарына жауап берді

Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде Алматы әкімі Ерболат Досаев білім беру инфрақұрылымын дамыту шаралары туралы айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Балалардың қосымша білім алуы мен дамуына қолайлы жағдай жасау мақсатында бұған дейін Вахтангов көшесінде орналасқан 1964 жылы салынған Оқушылар үйінің ескі ғимаратын бұзу туралы шешім қабылданған болатын. Оның орнына барлық заманауи стандартқа сай жаңа ғимарат салынды. Сәуір айында біз балаларымыз үшін ашуды жоспарлап отырмыз», – деді Ерболат Досаев.