«Qazaq Gaz» компаниясы 7 жыл бойы газды қымбат бағамен сатып келген

Nur-Altay Umirzak

Осы жағдайға байланысты кәсіпкерлік кодексіне тиісті өзгерістер енгізу  қарастырылуда

Сурет: orda.kz

«Qazaq Gaz» АҚ компаниясы 7 жыл бойы газды жоғары бағамен сатып келген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Жоғары аудиторлық палатасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Қазақстанда тауарлық газдың бөлшек саудадағы бағасын мемлекеттік реттеу енді барлық нарық субъектілеріне қолданылады. Жоғары аудиторлық палата ұсынымы бойынша Кәсіпкерлік кодексіне тиісті өзгерістер енгізілді. Qazaq Gaz Ұлттық компаниясы, оның еншілес ұйымдары мен ішкі және сыртқы тұтынушыларға баға қалыптастыру процестеріне жүргізілген мемлекеттік аудит барысында заңнамалық олқылық анықталған болатын. Аудиторлар газ тарату компаниялары арқылы газдың бөлшек саудада сатылуы мемлекеттік баға реттеуіне жатпайтынын анықтады. Заңға сәйкес, олардың қызметі 2017 жылдың қаңтарынан кейін басталған. Соның нәтижесінде бұл ұйымдарға «Qazaq Gaz» АҚ-дан тауарлық газды сатып алып, оны қымбат бағамен қайта сату арқылы делдалдық қызметтен табыс табу мүмкіндік болды. Нәтижесінде қажетті түзетулер енгізілді. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап тауарлық газдың бөлшек саудадағы бағасын мемлекеттік реттеу газ тарату компанияларын қоса алғанда, барлық нарық субъектілеріне қатысты болады.

Осы жағдайға байланысты бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету мақсатында ҚР Үкіметіне Кәсіпкерлік кодексіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін қарастыру ұсынылған.