Жан тебірентер сәт: топтағы жалғыз қызға студент жігіттер ерекше сыйлық жасады

Qaz365.kz редакциясы

Қасиет есімді бойжеткен мұның алдында топтағы жігіттердің бәріне бір-бір сағат сыйлап, құрмет көрсеткен

Видеодан скриншоттар

И.Раззақов атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті студенттерінің өз тобындағы жалғыз қызға жасаған сыйлығы әлеуметтік желіде көпшіліктің көңіл пернесін дөп басты. Мыңдаған адам студенттердің топтағы жалғыз нәзік жандыға көрсеткен құрметіне зор ықыласын білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қасиет есімді бойжеткен мұның алдында топтағы жігіттердің бәріне бір-бір сағат сыйлап, құрмет көрсеткен еді.  Қасиет оларға ата-аналарының видеоқұттықтауы мен сағат сыйлап, шынайы ықыласын білдірген. 

Биыл 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ТТП-2-24 тобының жігіттері өздерінің топтағы жалғыз қызын ерекше құттықтауды жөн санаған.

«10 наурыз күні қасиетті жігіттер әсем әрі нәзік гүл шоғымен қарсы алды. Бұл олардың шынайы құрметі мен қамқорлығының белгісі болды. Әр жігіт жүректен шыққан жылы лебізін айтып, Қасиетке өмірдің бар жақсылығын тіледі  Бірақ ең күтпеген әрі толқынысты сәт – сыйлық ретінде iPhone 12 берілуі болды. Қасиеттің эмоциясы бейнежазбадан көргендей, оның шынайы қуанышы, ал жігіттердің мейірімге толы көзқарастары бұл сәтті ұмытылмас етті. Мұндай ықылас пен қамқорлық – ерекше әрі маңызды күнде алуға болатын ең керемет сыйлық!» – дейді университеттің парақшасында.