Тұрғындарға ескерту
Алматы қаласының Төтенше жағдай департаменті Қазгидрометтің көшкін қаупі туралы дауылды ескертуінің негізінде тұрғындарға ескерту жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
"18-20 науырыз аралығында үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндеріндегі қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына және биіктігіне байланысты қар көшкінінің түсу қаупі сақталатыны туралы хабарлайды.
Көшкін қаупі аймағына адамдардың өтуіне шектеу мақсатында: "Аюсай" және Медеу бөгеттерінен жоғары блок-бекеттер орнатылған”, – делінген хабарламада.
ТЖД мен Қазселденқорғау алматылықтарға, туристерге және мегаполис қонақтарына алдағы күндері тауға шықпауыңызды сұрайды