Теміржол билеттерін 50% жеңілдікпен сатып алу мүмкіндігі кімдерге берілген

Nur-Altay Umirzak

Ол үшін анықтамалар мен құжаттарды көрсету талап етілмейді

Сурет: Еlorda.info

Ерекше қажеттілігі бар жандарды алып жүретін адамдар теміржол билеттерін 50% жеңілдікпен сатып ала алады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

Еліміздің көлік ведомствосы жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау ережелеріне бірқатар өзгеріс енгізуді ұсынды. Атап айтқанда, I және II топтағы мүгедектігі бар азаматтарды, сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар балаларды алып жүретін жандардың жол жүру құнына 50% жеңілдік беру ұсынылып отыр (теміржол билеті). Сонымен қатар олардан пойызға міну кезінде медициналық мекемелерден алынатын анықтамалар мен құжаттарды көрсету талап етілмейді. Қазіргі уақытта бұл өзгерістер мақұлдау сатысында тұр”, – делінген министрлік хабарламасында.

Ережелерді 2025 жылдың екінші жартысында күшіне енгізу жоспарланған.