Саяси реформалар тек Мемлекет басшысының ғана емес, Мәжіліс, Үкімет сияқты саяси институттардың да жеңісі - Елнұр Бейсембаев

Qaz365.kz редакциясы

Бүгін Мәжілісте Президенттің 2022 жылдан бергі жұмысы қорытындыланды

Фото: ашық дереккөзден

Мәжіліс отырысында депутаттар Президентті асыра мақтап кетті ме? Осы сұрақты Qaz365.kz тілшісі депутат Елнұр Бейсенбаевқа қойды.

 «Мен олай ойламаймын. Керісінше, Мәжіліс депутаттарының барлығы проблеманы айтты ғой. Мемлекет басшысы жайлы біріншіден, айтылуы да көп болған жоқ. Саяси реформаларға тоқталды. Саяси реформалар тек Мемлекет басшысының ғана жеңісі емес, сонымен қатар Мәжіліс, Үкімет сияқты саяси институттардың, саяси партиялардың жеңісі. Көбіне мәжілісмендердің дүйім көпшілігі негізгі түйінді таппай жатқан шешімді, кесімді мәселелерге тоқталды», - дейді Елнұр Бейсенбаев.

Бүгін Мәжіліс отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылдан бергі жұмысы қорытындыланды. Сөз сөйлеген депутаттар мен қоғам өкілдері елдегі реформалар
жайлы айтып, біршамасы Мемлекет басшысын мақтаумен болды.