Шымкентте сакура ағашы гүлдеді

Qaz365.kz редакциясы

Сакуралардың тамыры тереңге бойлады

Шырайлы Шымкенттің көшелерін көктемшуағына бөлеген сакура ағаштарын өткен жылдың қараша айында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков отырғызған болатын. Бүгінде 25 түпсакура бүршік жарып, қаланың көркін аша түсті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жапон мәдениетінің символына айналған бұлағаштар «Журналистер» аллеясына, Назарбаев даңғылының бойына, Атлант сауда үйінің маңына, Сайрам және Жібек жолы көшелеріндегі гүлзарға отырғызылған еді. Биіктігі 4-5 метрге жететінсакуралар қаланың табиғи сәнін арттырып қана қоймай, экожүйені жақсартуға да ықпал етеді.

Сакуралардың тамыры тереңге бойлап, бұтақтары жайқалып өсуі үшін тұрақты күтім жасалып, суару жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді. Бұл жұмыстар қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының бақылауында.