Оралдағы Мағзомовтар отбасы 8 наурыз қарсаңында қуанышқа кенелді. Бұл шаңырақ бірден үш бірдей бұрымды дүниеге келді. Екі апта дәрігердің бақылауында болған үшем мен оның анасы Айзада Құбашеваны кеше перзентханадан шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Біздің үш ұлымыз бар. Құдайдан қыз тілеп едім. Шүкір үш қыз берді. Үшем босанатынымды алтыншы аптада білдім. Біздер жасырдық, ешкімге айтпадық. . Сол жүктілік жақсы деңгейде өтті. Тек соңғы апталарда кішкене ауырлау болды. Жүктіліктің 35-аптасында перинаталды орталықтың бас дәрігерлері жоспарлы түрде кесір тілігін жасады. Балалар ширақ жақсы шықты. Содан кейін екі қызым реанимация бөлімінде бір жұмадай жатты. Дәрігерлердің арқасында қызғалдақтарым қанаттанып кетті. Ол кісілерге үлкен рақмет айтамын!- дейді үшемнің анасы Айзада Құбашева тілшілерге берген сұхбатында.
Көпбалалы отбасы атанған жастар Орал қаласында тұрады. Үлкен ұлының жасы 12-де, ортаншысы – 9-да болса, кіші ұл – 6 жаста.
Жаңа туған үшемге Мәдина, Раяна, Аяла есімдері берілді.