Атырауда қара ниқабтағы қыздар өзгертілген көк тумен суретке түсіп, жұрттың ашуын туғызды

Qaz365.kz редакциясы

Қылмыстық іс қозғалды

Фото: әлеуметтік желіден

Атыраудағы мұз айдынында төрт бойжеткен қара ниқаб киіп, өзгертілген Қазақстан туымен суретке түсті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл жағдай желіде қоғам наразылығын тудырды.

Мемлекеттік туда арабша жазу мен қылыш бейнеленген белгі қойылған. Стиль мен композицияға қарағанда, бұл – шахада жазуы.

Осыдан кейін Атырау облыстық полиция департменті төрт қыздың жеке тұлғалары анықталып, барлығы ұсталғанын хабарлады.

Мемлекеттік рәміздерді қорлау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Айта кетейік, заңда мемлекеттік рәміздерге құрметсіздік танытқандарға қатаң жаза қарастырылған.