Қазақстанда банк карталарын онлайн рәсімдеуге тыйым салынуы мүмкін

Qaz365.kz редакциясы

Құжат жобасы тылқылауға ұсынылды

Фото: depositphotos.com

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк қызметін реттеу нормаларын қатаңдататын қаулы жобасын дайындады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңа норма бойынша қашықтан қызмет көрсетуге қойылатын талаптар күшейеді. Карта иесіне берілгеннен кейін алғашқы 3 айдың ішінде төлемдер қатаң бақыланады.

Мамандардың пікірінше, мұндай өзгерістер қаржы секторының қауіпсіздігін арттырып, кибер қылмыспен күресуге көмек болмақ. 

Жаңа жоба қаржы нарығында құқыққа қарсы іс-қимылдарды және дропперлікті (есірткінің заңсыз айналымы, қаржы пирамидаларының, онлайн/интернет-казинолардың қызметін ұйымдастыру) барынша азайту үшін әзірленді.

Құжат жобасы биыл 14 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.