Сүйіктісін ұрды деген танымал актер қамауға алынды

Qaz365.kz редакциясы
Фото: shakentii

Танымал отандық актер Серік Шәріп экс-сүйіктісімен болған жағдайдан кейін қамауға алынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы оның ендігі экс сүйіктісі Әлия Бутаева жазды.

Бүгін Шәріптің соты болды. Оны 73 баптың баптың 1 бөлігі бойынша кінәлі деп танып 5 тәулікке қамады. Бұл шешім қаншалықты әділ немесе әділ емес деп айтпаймын, - дейді Әлия Бутаева.

Айта кетейік, осыған дейін Серік Шәріптің бұрынғы сүйіктісі Әлия Бутеева актердің өзін соққыға жыққаны туралы айтқан болатын. Кейін актер қателігін мойындап, кешірім видеосын жариялаған еді.